Longbeachgames Халықаралық турнирдегі «Алтын»

Солтүстік Кипрде Longbeachgames халықаралық турнирі өтті. Бұл оңтүстік Еуропа, Таяу Шығыс, Түркия, Кипр, Грекия, Иордания, Қазақстан, Ресей және Англия спортшылары қатысатын тұрақты командалық турнир.

40+ санатында Қазақстан функционалдық көпсайыс федерациясының мүшелері Роман Джантлеев пен Валентин Лукановский 6 кешеннің 5-інде жеңіске жетіп, лайықты басымдықпен алтынға қол жеткізді. Бұл номинация бойынша барлығы 10 команда бақ сынады.

Бөлісу
Басып шығару